Жаңалықтар

Баю үшін ең алдымен не қажет? Тимур Турлов капитализация өсімінің басты қағидасын атады

Акционерлердің саны артқан сайын, директорлар кеңесінің жұмысы тиімді бола түседі/фото: kursiv.media мұрағаты

Алматы қаласында өтіп жатқан қаржыгерлер конгресінде Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов капитализация өсімі үшін басты қажетті нәрсені айтты. Оның пікірінше, ең басты қасиет ­ – сенім.

«Қаржы нарығының құрылымы қоғамдағы билік құрылымына ұқсайды. Біз президенттік республикамыз. Қаржы ұйымдарын алып қарайтын болсақ, бірінші басшылардың, директорлар кеңесі мүшелерінің рөлі өте үлкен. Саяси құрылым ғана емес, экономикамыздағы үдерістердің құрылымы да сондай»,  – дейді қаржыгер.

Оның пікірінше, капиталды шоғырлануы – жауапкершіліктің шоғырлануы. Көп үдерістер бейсаналы түрде қажеттілікке айнала бастайды.

«Өйткені, акционерлердің саны артқан сайын, директорлар кеңесінің жұмысы тиімді бола түседі. Әр акционер өзінің құқығын қорғай бастайды. Акционерлер көп болған сайын, олардың сенімін сақтаудың маңызы арта түседі.   Директорлар кеңесінде респектабльді адамдардың болғанына баса назар аудара бастайсың. Бұл адамдардың орасан көп шешімдерге қатысқаны, болып жатқан жағдайларды жақсы білуі керек», – дейді Турлов.

Өйткені, көп тұлғалардан капитал тарта алсаң, саған  сенетін болса, капитал нарығында жақсы жұмыс істеуге болады. Және оларға адал әрі ашық түрде ақша тауып жатқаныңды, капитал нарығына қолжетімділікке мүдделі екеніңді дәлдеуің қажет.

«Бұл жерде дилема бар. Сенімге ие болу, үдерістердің ашықтығы, акционерлерді тарту – орасан зор жұмыс. Мұның бәрі ұйым үшін қымбатқа түседі. Шешім қабылдауды баяулатады. Бәсекелестерің жылдам шешім шығарып, озып кетуі ықтимал. Сондықтан ұдайы игілік бола бермейді. Бірақ ірі инвесторларды тартуға мүмкіндікке ие боласың», -дейді Турлов.

Бірақ бұл көп ақша жұмсауға мәжбүрлейді. Мәселен, корпоративті басқаруға, аудитке және формальды түрде жасауға болатын басқа да дүниелерге шығын артады. Бірақ онсыз  ақша келмейді.

«Шешім қабылдаудағы билікке келетін болсақ, сен де көп күш орталықтары болса, көп жағдайлардан тәуелсіз боласың», – дейді қаржыгер.  

Турловтың пікірінше, қаржы нарығына қатысты трансформация біртін -біртін жүзеге асады. Президент ұсынып отырған билік формуласы ақырындап елімізді және қаржы нарығын өзгертпек. Себебі, жылдан жылға парламенттің, ұйымдардағы директорлар кеңесінің ықпалы артады.

«Жаңа ірі инвестор келсе, директорлар кеңесіне мүшесін кіргізеді. Ол инвестордың мүддесі үшін күреседі. Онымен ақпарат алмасаң, басқа кіші инвесторлардың сеніміне селкеу түсіруі мүмкін. Сенім жоғары болса, қаржы нарығы күшейе түседі. Капитал нарығы қоғамдағы сенімге тығыз байланысты. Жоғары сенім деңгейін қолдап отыру үшін нарыққа қатысушыларды қолдау қажет», -дейді ол.  

Турловтың сөзіне қарағанда, қазір жағдайда жайлы ортадан шықпай, көп ақша табуға мүмкіндік бар.

«Бізде жайлы ортадан шығу қажеттілігі туындаса, қаржы құралдары жұмыс істей бастайды. Соңғы кездері қаржы институттары капиталдан сабақ алды. Олардың активтері өсті. Бұл – нарықтағы капиталдың арқасында. Банк жүйесі қазір жайлы ортада тұр. Ештеңеге тиіспей, өзгертпеуге де болады. Бәрі жақсы. Бірақ стратегиялық тұрғыдан алғанда, ЖІӨ- ні екі есе көтергіміз келсе, жайлы ортадан шығу керек. Бұл оңай нәрсе емес», – дейді Турлов.