Fitch агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: экономика министрлігі

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде қалдырды, ал болжамы «Тұрақты» деп белгіленді. Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың бірі — сыртқы буферлердің қуаттылығы, бұл басқа елдермен салыстырғанда еліміздің қаржылық икемділігін қамтамасыз етеді. Ұлттық қордың және алтын-валюта резервтерінің көлемі елдің ЖІӨ-сінің 38%-ына жетіп отыр. Бұған 8,4% деңгейіндегі инвестициялық кірістер мен алтын бағасының өсуі оң әсерін тигізуде.

Fitch аналитиктері Қазақстанның көлік және жаңартылатын энергия секторларын дамытуға бағытталған қадамдарын атап өтті. Бұл шаралар елдің мұнай саласына тәуелділігін біртіндеп азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, кең ауқымды екінші дәрежелі санкцияларға байланысты тәуекелдердің салыстырмалы түрде төмен екендігі де көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыз