Талғарда Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің туғандары үндеу жасап, ағасы мен әкесін жауапқа тартуын сұрады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат Болатты өлтіргендердің туғандары үндеу жасады фото: архив kursiv.media

Талғар қаласында Шерзат Болатты өліміне байланысты күдіктілердің туыстары әлемеуттік желіде бейне үндеу жариялап, халықтан кешірім сұрады. Олар жағдайдың екіжақты қаралуын, тек өз балалары ғана емес, оқиғаға қатысы бар басқа адамдардың да жауапкершілікке тартылуын талап етті.

Күдіктілердің туыстарының айтуынша, жанжал кезінде Нұрқанат (Шерзаттың ағасы) көліктен мылтық алып шығып, жігіттерге бағыттап оқ атқан. Сонымен қатар Шерзат еш себепсіз жігіттердің бірінің жағын сындырған. Қақтығыстың алдында олар өздері пышақ пен мылтық алып шыққандықтан, жағдай ушыққан. Туыстары өз балаларының кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрағанымен, қақтығысқа тек бір жақтың ғана кінәлі еместігін жеткізді.

Олардың айтуынша, Дархан есімді таныс жігіт оқиғаға қатысқан жастарды жинаған. Алайда кейбір жастар Дарханды бұрыннан танымайды, тек ортақ таныс ретінде сол жерге барған. Сонымен қатар олар Шерзатқа шабуыл жасау ниетімен бармағандарын, өздеріне таңылған жалған айыптардан қорғауды талап етті.

Күдіктілердің туыстары істің әділ әрі ашық қаралуын талап етуде. Олар оқиғаны біржақты түсіндіру, жалған ақпараттар тарату арқылы халықты шатастыруда деп есептейді. Қазіргі уақытта олар тергеушілерден оқиғаға қатысы бар барлық адамды жауапқа тартуды және істің әділ қаралуын сұрайды.

Еске сала кетейік, 16 жастағы Шерзат 4 қазанда дүкен маңында шыққан жанжалдан кейін кісі қолынан қаза тапқан. Істі ІІМ жеке бақылауына алған. 

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 11 адамның қамауға алынғаны белгілі болған. Қылмыстық іске байланысты полиция «Бұзақылық», «Қорқыту», «Адам өлтіру» және «Қылмыс туралы хабар бермеу» фактілері бойынша іс қозғаған.

Сондай-ақ оқыңыз