Алматыда өткен «Қазақ аруы-2024» байқауында дауыс беру нәтижесіне қатысты даудан кейін қайта дауыс беру ұйымдастырылды. Алайда қайта дауыс беру нәтижесінде тағы да Қызылорда өңірінің өкілі Ақкербез Ысқаққызы жеңімпаз атанды, бұл туралы «Қазақ аруы» байқауының ресми Instagram парақшасында жариялады.
Байқау продюсері Баян Мақсатқызының айтуынша, бұның алдында байқауда дауыс беру жүйесі расыменде істен шыққан. Оның сөзінше, шамамен жарты миллион адам дауыс берген, бірақ Telegram-бот барлық дауысты қабылдай алмаған. Осыған байланысты байқау жеңімпазын анықтау үшін қайта дауыс беру шешімі қабылданды.
Байқау отандық телеарна эфирінде көрсетілді. Дауыс беру сілтемесі жаңартылып, 2,5 сағат берілді. Тікелей эфир барысында халық қайтадан дауыс беріп, нәтижесінде 37,4% Ақкербез Ысқаққызы жеңімпаз атанды. Ал, қайта дауыс беру нәтижесінде өзгерістер болды. 2 орынды бұған дейін 3 орын алған Алматылық ару Назерке Мырзағалиева 28,3% иеленсе, тағы бір Алматыдан ару Ақерке Серікжан екінші орыннан бір сатыға төмен түсіп 12,4% жинады.