Жаңалықтар

Мемлекетке қайтарылған 7,8 млрд теңгеге Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салынады

Мемлекетке қайтарылған 7,8 млрд теңгеге Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салынады
Мемлекетке қайтарылған 7,8 млрд теңгеге Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салынады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Елден заңсыз шығарылып, кейін қайта қайтарылған 7,8 млрд теңгеге Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған балабақша салынады.

«Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиелеу мен түзетуді қамтамасыз етеді», – делінген Үкімет хабарламасында. 

Қазір облыс аумағында білім беруді талап ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам ерекше бала бар. Олардың қатарында тек 1320 бала облыс аумағында 4 арнайы балабақшаға барады.

Айта кетейік, қаржы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңының аясында қайтарылған. Бұл қаражаттар ел аумағында әлеуметтік нысандарды салуға бағытталуы тиіс болған.

Ақтөбеден бұрын қаржы Ақмолада, Түркістанда, Қостанайда, Алматы мен Астанада әртүрлі жобаларды іске асыруға бағытталған.