Жаңалықтар

Түркия Израиль президентінің ұшағы үшін өз әуе кеңістігін жапты

Түркия Ицхак Герцогтың ұшағын Бакуге өткізбеді
Түркия Ицхак Герцогтың ұшағын Бакуге өткізбеді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркия Израиль президенті Ицхак Герцогтың ұшағын өз әуе кеңістігі арқылы ұшырудан бас тартты. Бұл туралы Түркияның Milliyet газеті жазған.

Израиль президентінің ұшағы Әзербайжанға ұшып кетуі керек болған. Түркия оған өз әуе кеңістігімен ұшуға рұқсат бермеді.

Герцог Түркияның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салуына байланысты Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (COP 29) бара алмай қалған.

«Өкінішке орай, дипломатиялық арналар бойынша бірнеше күндік қарқынды келіссөздер нәтиже бермеді. Әзербайжан барлық тараптардың климат жөніндегі конференцияға қатысуы үшін қолайлы жағдай жасады. Алайда Израиль президентінің сапары төңірегіндегі жағдай біздің елімізге байланысты емес себептерден туындады», – деп келтірген басылым Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің жауабын.

Қыркүйек айында Изриаль Ливанға шабуыл жасағаннан кейін, Түркия оған қатаң талаптармен жауап беретінін айтқан. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия шекарасымен Ливанда шабуыл жасалған аймақтың арасы 2 сағаттық жол екенін еске салып, Израильдің әрекетін тоқтатуға күш салатынын айтқан.