Қазақстанда 2025 жылдан бастап декларация тапсыруға кімдер міндеттеледі?

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Мемлекеттік қызметкерлер, бизнесмендер жыл сайын декларация тапсыруға міндетті бола ма? / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудан нақты кімдер босатылады? Сондай-ақ кірістер мен мүліктер туралы декларацияны қандай санаттағы тұлғалар тапсыруға міндеттеледі? Бұл сұрақтарға Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілеу басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы жауап берді.

«Шетелде жылжымайтын мүлкі және көлігі, шетелдік банктердегі банктік есепшоттарда 3,7 млн теңгеден (1 000 АЕК) астам ақша қаражаттары, инвестициялық  алтындары, шетелдік компанияға қатысу бойынша үлесі болмаса, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, цифрлық активтері, дебиторлық/кредиторлық берешегі, сонымен қатар шетелде құны 1 000 АЕК-тен асатын бұйымы болмаған жағдайда олар 250 салық есептілігі нысанын тапсырудан босатылады. Яғни шетелде мүліктері болмаса, декларация тапсыру міндеті туындамайды», – деді Ерсайын Көптілеуұлы.

Кірістер мен мүліктер туралы декларацияны (270-СЕН) осы уақытқа дейін тапсырып келген санат алдағы уақытта да міндетті болып қала береді. Комитет өкілі жыл сайынғы 270 салық есептік нысаны барын да еске салды. Бұл есептік нысандағы декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен оның жұбайлары жыл сайын тапсыратын болады. Сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болатын жеке тұлғалар декларацияны жыл сайын тапсырады. Комерциялық ұйымдардың басшылары, құрылтайшылардың акция үлесі 25%-дан асатын болса, оларда аталған декларацияны жыл сайын тапсыруы тиіс. Бұдан бөлек,

«Егер шетелдегі банк есепшоттарында 1000 АЕК көлеімнде қаражат болса және ең бастысы ҚР-да болмаса шетелде өзіндік құны  20 000 АЕК-тен асатын сатып алу жасалса, оларға 270 нысанын тапсыру міндеті туындайды», – деді комитеттің бас сарапшысы.

Айта кетейік, Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы 8 миллион қазақстандық кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылатынын мәлімдеген болатын. Бұл ұсынысты премьер-министр Олжас Бектенов те қолдады.

Сондай-ақ оқыңыз