Lifestyle

АҚШ Әділет министрлігі Google компаниясынан Chrome іздеу жүйесін сатуды талап етуде

АҚШ Әділет министрлігі Google компаниясынан Chrome іздеу жүйесін сатуды талап етуде
АҚШ Әділет министрлігі Google компаниясынан Chrome іздеу жүйесін сатуды талап етуде / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ Әділет министрлігінің шенеуніктері монополиямен күресу үшін Google компаниясынан Chrome іздеу жүйесін сатуды талап етуде. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, шенеуніктер іздеу жүйелері қызметіндегі монополиямен күресу үшін компанияға осындай талап қойған. Алайда компания бұл шара «құқықтық тұрғыдан қате» және «тұтынушыларға зиян тигізеді» деп жауап берген.

Бұған қарамастан, 20 қарашада Әділет министрлігі сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. 

Бастапқыда шенеуніктер Apple, Samsung және басқа да құрылғы өндірушілерге талап қойып, Google компаниясына жасалатын төлемдерді тоқтатуды ұсынған. Алайда компаниялар бұл келісімге келуден бас тартқандықтан6 сотқа жүгінуді жөн санаған.

Statcounter веб-трафикті талдау қызметінің мәліметтері бойынша, Chrome үлесі АҚШ нарығының шамамен 61%, Safari 18%, Edge 5% және Firefox 3%-ын құрайды.

АҚШ билігі компанияны іздеу жүйесіндегі деректерді лицензиялауға міндеттеуді қалайды. Бұл Google жасанды интеллект жүйесінің монополиясына қарсы күрес құралы бола алады. Қазір іздеу жүйесінің интеллекті желідегі барлық ақпаратқа қиындықсыз қолжеткізе алады. Ал деректерді лизенциялау авторлық құқықты қорғауға мүмкіндік береді.

Google LLC – Alphabet холдингінің құрамында кіретін АҚШ-та тіркелген трансұлттық технологиялық корпорация. Құрамына Google Ghrome іздеу жүйесі, Gmail электронды адресаты, Youtube видео-хостингі және өзге де танымал жүйелер кіреді.