Жаңалықтар

БҰҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтастық келісімге келетін болды

ООН
БҰҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтастық келісімге келетін болды / odkb-csto.org, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан кіретін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен ынтымақтастық туралы қаулы қабылдады. Құжат БҰҰ мен ҰҚШҰ бас хатшыларына тұрақты консультацияларды жалғастыруды ұсынады.

18 қараша қарсаңында БҰҰ-ның ассамблеясы мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы қаулы қабылданды. Онда «ұйымдар ортақ қызығушылық тудыратын салалардағы байланыстарды дамытады» делінген. 

«Құжатта ҰҚШҰ өзінің бітімгершілік әлеуетін және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жүйесін нығайтуға, терроризмге және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылға, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, адам саудасына қарсы күреске және БҰҰ мақсаттары мен қағидаттарын іске асыруға жәрдемдесетін табиғи және техногендік апаттардың салдарын жоюға елеулі практикалық үлес қосатыны атап көрсетілген», – делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, бас ассамблея екі ұйымның басшылығына тұрақты консультацияларды жалғастыруды ұсынды. Соңғы кездесу қыркүйек айында өткен.

ҰҚШҰ 1992 жылы құрылған. Оның құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей және Армения кіреді. 2004 жылдан бастап ҰҚШҰ БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие. 

2024 жылдың қаңтар айынан бастап ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Оның басшысы Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов болып таңдалған.