
Қазақстан территориясының тұтастығына күмән келтіріп, оның бөлінуін насихаттаған Петропавл қаласының екі тұрғыны сепаратизм үшін түрмеге қамалды.
Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, Петропавл қалалық соты 2 қала тұрғынын сепаратистік әрекеті үшін бас бостандығынан айырған. 19 қарашада осы сот шешімі күшіне еніп, 2 азамат орташа қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесіне жіберілген.
«Чат Рулетка» сайтындағы «YouTube» бейнехостингі арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттағанын жоққа шығарды», – делінген хабарламада.
Айыпталған азаматтар өз кінәларын мойындамағанымен «Instagram» және «TikTok» желісінде тараған бейнежазбалар олардың кінәсін растап, бұлтартпас дәлел болған.
Олар Қылмыстық кодекстің 180-бабына сәйкес бас бостандығынан айырылған. Бас прокуратура жазаның нақты мерзімін көрсетпеген. Бірақ заңға сәйкес, олар өздері жасаған насихат үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болуы мүмкін.
Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айында Петропавл соты ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздыру фактілері бойынша 10 қылмыстық істі қараған. Жалпы саны 14 адамға қатысты іс қозғалған.