Қазақстан Бағалы қағаздар орталық депозитарийі халықаралық санкция қаупін төндіретін банкаралық аударымдарды тоқтатуы мүмкін. Осы мақсатта Орталық депозитерий іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидасына өзгерістер енгізген.
Жаңа ережеге сәйкес Орталық депозитарий өз қызметіне санкция қаупін төндіретін операциялардың алдын алмақ. Халықаралық санкцияға ұшырау қаупі сезілсе, клиентке қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
«Түзетулер Орталық депозитарийдің қызметіне тән тәуекелдерді азайту мақсатында және OFAC, есепке алу ұйымдарының немесе қызмет көрсететін банктердің Орталық депозитарийдің қызметіне тікелей әсер ететін талаптарды, шектеулерді немесе ерекше жағдайлар болған кезде олардың талаптарын орындамауына байланысты ықтимал жағдайды қарастырады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңы, басқа да заң нормаларын ықтимал бұзумен ұштасса да қызмет көрсетілмейді.
Одан бөлек, Оталық депозитарий қызметкерлері ішкі тексеріс барысында қандай да бір тәуекел анықтаса, репозитарий қызмет көрсетуде бас тартуға құқылы. Бұл өзгерістер 2024 жылдың 4 желтоқсанынан күшіне енеді.