Қазақстан Тоқаев құруды ұсынған Орыс тілі бойынша халықаралық ұйымға 43 млн теңге бөледі

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Мәжіліс Тоқаев Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру
Мәжіліс Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру ісін қарады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мәжіліс депутаттары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы» шартты ратификациялау туралы мәселені қарастырып, оның ратификациялап Сенатқа жолдады.

«Аталған шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалды. Ол халықаралық құқық субъектісіне ие үкіметаралық ұйымға айналатын «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құруды көздейді. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие екенін атап өткім келеді» , – деді Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанов отырыста.

Ол шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту екенін атап өтті.

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер алдына шыққан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сенат қабылдап, президент қол қойғаннан кейін ұйым құрылатынын, онда министрліктер ұйымның жұмысы қалай жүретінін, хатшылыққа кімдердің енетінін келіспек. Министр ұйымды құруға ел бюджетінен 43 млн теңге құятынын атап өтті.

2023 жылы қыркүйекте Қазақстанның Ғылым министрлігі орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы жарлық жобасын ашық талқылауға шығарған. Жобаны Парламент ратификациялайтын болса, оған мемлекет бюджетінен қаржы бөлінеді.

2023 жылдың 18 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларымен кездесу барысында орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімге қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз