Қазақстан аумағы арқылы Ресейден Қытайға 8,4 млн тонна мұнай тасымалданған
Қазақстан аумағы арқылы 2024 жылдың 10 айы ішінде Ресейден Қытайға 8,4 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданған. Жалпы осы уақыт ішінде ел аумағы арқылы тасымалданған мұнай көлемі 8,4 млн тонна болған. Оның ішінде 8,2 млн тонна Ресейден Қытайға, 217 тонна Ресейден Өзбекстанға жіберілген.
Ал магистральды мұнай құбырлары арқылы тасымалданған мұнай көлемі 57,8 млн тонна болған. Оның тек 15,1 млн тоннасы, яғни 26% қазақстандық мұнай. Каспий құбыр консорциумынан 46,3 млн тонна, «Атырау – Самара» учаскесінен 7,2 млн тонна, Ақтау портынан 3,1 млн тонна, «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы 1 млн тонна тасымалданған.
Қазақстандық мұнайды негізінен Италия, Нидерланд, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Грекия, Түркия, Сингапур және Германия сынды елдер сатып алған. Бір Германияның өзіне 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілген. Өзге елдер бойынша нақты ақпарат жоқ.