Жаңалықтар

Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту жасалды

Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту жасалды
Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту жасалды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Украинадағы артиллериялық атыстарға байланысты елдегі Қазақстан елшілігі отандастарымызды аймақтан шұғыл кетуге шақырып, ескертпе ақпарат жария етті.

20 қарашада жарық көрген хабарламада дипломатиялық өкілдік Украинадағы атыс аймағынан шұғыл кетуге кеңес берген.

«Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», – делінген Telegram-арнасында жария болған хабарламада.

Елшілік өкілдері Қазақстан азаматтары Украинадан екі жолмен кете алатын атап өтті. Польша немесе Молдова арқылы шекараны кесіп өту немесе коммерциялық әуе рейстерімен ұшып кету жолдары бар. Айта кетейік, Польша арқылы шығу үшін қазақстандықтарға Шенген визасы қажет болса, Молдова шекарасынан өтуге виза қажет емес.

Дипломаттар азаматтардан әуе дабылын естіген тұста дереу қауіпсіз орындарға баруға, қауіпсіздік шараларын сақтап, ресми органдардың нұсқауларын орындауға шақырды.

Украинадағы қазақстандықтар немесе олардың туыстары қосымша ақпаратты консулдық бөлімінен: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031 немесе жедел желіден (төтенше жағдайларда): +380673470408 біле алады.