21 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде дабыл соғылады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның барлық өңірінде дабыл соғылады / фото: архив kursiv.media

Қазақстанның барлық қаласында 21 қараша күні сағат 11:00 де дабыл соғылады. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.

«21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдары мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі қармалады. Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі»,– делінген хабарламада.

Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл шараға жергілікті және орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер, азаматтық қорғау құралымдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері қатысады.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – облыстық азаматтық қорғау жүйелерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар салдарын жоюға дайындық деңгейін бағалау.

Сондай-ақ оқыңыз