Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Lamborghini Super Trofeo автожарыстарында жеңіске жетті

Қазақстандық команда Lamborghini жарыстарында жеңіске жетті / фото: ArtLine

Испанияның Андалусия аймағындағы Херес-де-ла-Фронтера трассасында Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған Lamborghini Super Trofeo халықаралық чемпионатының финалы өтті. Жарыста қазақстандық ARTLine Kazakhstan командасы екі бірдей титулға ие болып, айрықша табысқа жетті.

Қазақстандық автожарысшы Егор Оруджев PRO санатында чемпион атағын жеңіп алса,
Шота Абхазава Lamborghini Cup санатында үздік атанды.

Фото: ArtLine

Lamborghini Huracan Super Trofeo EVO2: жарыс көлігінің ерекшеліктері неде?
Бұл чемпионатта барлық спортшы арнайы жасалған Lamborghini Huracan Super Trofeo EVO2 көліктерімен жарысады. Бұл модель жарыстарға арналған, ерекше технологиялық мүмкіндіктері мен жетілдірілген аэродинамикаға ие.

Көліктің негізгі сипаттамалары:
• Қозғалтқышы: 5,2 литрлік V10 атмосфералық қозғалтқыш, 620 а.к.
• Беріліс қорабы: 6 жылдамдықты X-Trac, қуатты артқы дөңгелектерге жеткізеді.
• Аэродинамика: жаңартылған фаралар мен «омега» тәрізді бампер дизайны, сондай-ақ ауа ағындарын оңтайландыруға арналған Air Curtain жүйесі.

Фото: ArtLine

Қазақстандық ARTLine Engineering – 1998 жылы құрылған автожарыс командасы. Команданың негізін қалаушы – қазақстандық кәсіпкер Шота Мерабович Абхазава. Ол мұнай және газ нарығына көліктік және сервистік қызмет көрсететін TEXOL компаниясының жетекшісі.

Шота Абхазаваның автоспорттағы жетістіктері де ауқымды. Ол 2015 жылы Lamborghini Super Trofeo Europe моно-сериясының AM Cup класында жеңімпаз атанды, ал 2019 жылы PRO-AM санатында жеңіс тұғырынан көрінді. Соңғы жетістіктерінің бірі – 2023 жылдың қараша айында Италияның Валлелунга автодромында өткен Lamborghini Super Trofeo әлемдік финалында чемпиондық титулды жеңіп алуы.