Банк пен қаржы

Ұлттық банк 2025 жылы базалық мөлшерлемеге қатысты шешім кестесін бекітті

Фото: shutterstock

Ұлттық банк 2025 жылға базалық мөлшерлеме бойынша шешім кестесін бекітті. Келесі жылы банк базалық мөлшерлемеге қатысты жалпы 8 сегіз рет шешім қабылдаса, оның төртеуі болжамдық талдау нәтижелеріне негізделеді.

«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», – делінген ҰБ хабарламасында.

Шешім қабылданатын күндер:

  • 17 қаңтар
  • 7 наурыз
  • 11 сәуір
  • 5 маусым
  • 11 шілде
  • 29 тамыз
  • 10 қазан
  • 28 қараша деп белгіленген.


Базалық мөлшерлеме – ақша-несие саясатының негізгі құралы, инфляция деңгейіне, ұлттық валюта бағамы және несие беру құнына тікелей әсер етеді.

Қазір Қазақстанда базалық мөлшерлеме 14,25% -ды құрайды. Бас банк 11 қазанда шығарған шешімінде негізгі көртсеткішті өзгеріссіз қалдырған. Биыл базалық мөлшерлеме бойынша соңғы шешімі 29 қарашада қабылданады.