Биткоин тағы қымбаттады. Криптовалюта бағасы соңғы тәулікте 5% өсіп, 97 мың доллардан асты. Ұлттық банктің ресми бағамына сәйкес, 48 млн теңгені құрайды. Оған АҚШ-тың су жаңа президенті Дональд Трамптың криптовалютаға жауапты құрылым құратыны жайлы мәлімдемесі ықпал еткен.
Bloomberg басылымының жазуынша, Ақ үйге көшуді жоспарлап жатқан Трамп әкімшілігі цифрлық активтер индустриясы және криптовалюта саясатына жауапты лауазым бекіту жолын қарастырып жатыр.Команда лауазымға лайықты үміткерлерді тексеріп жатыр. Егер жаңа құрылым пайда болса,бұл Ақ үйдегі криптонарыққа байланысты алғашқы құрылым болмақ.
CoinGecko мәліметіне сүйенсек, 5 қарашада Трамп жеңіске жеткелі бері, криптовалюта нарығының жалпы өсімі шамамен 900 млрд долларды құраған. MicroStrategy акциялары жыл басынан бері 680%-ға қымбаттады. Нарықтық капиталы 110 млрд доллардан асып, бұл оған АҚШ-тың ең ірі 100 компаниясына кіруге мүмкіндік берген.
Айта кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін криптонарық пандемия кезіндегі рекордты жаңартып, биткоин бағасы 90 мың долларға жақындаған.