«Қашағандағы» сұйытылған газ терминалының құрылысы ертерек аяқталуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қашағандағы сұйытылған газ терминалының құрылысы ертерек аяқталуы мүмкін
«Қашағандағы» сұйытылған газ терминалының құрылысы ертерек аяқталуы мүмкін / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

QazaqGaz және Солтүстік Каспий жобасы (NCOC) акционерлерінің өкілдері сұйытылған газ терминалының құрылысының мерзімінен бұрын аяқталу мүмкіндіктерін талқылады.

Компания баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Eskene LPG мердігер компаниясы терминал құрылысының белгіленген мерзімнен жылдам жүріп жатқанын атап өткен. 

Жоба Қазақстанның ішкі нарығындағы сұйытылған газ тапшылығымен күресудің бір жолы деп қаралып отыр.

Eskene LPG компаниясы терминал құрылысының жұмыстары ерте аяқталғанын баяндады. Жоба өз мерзімінде басталғанның әсері де болған. Алайда келісімшартқа қол қою мерзімі белгіленген уақытта жүзеге асады.

Құрылыс компаниясынан бөлек, келіссөздерге NCOC консорциумының, Eni, INPEX, KMG Kashagan B.V., Қазақстандағы ExxonMobil, Total E&P компанияларының басшылары қатысқан.

«Өз кезегінде NCOC басшылығы мен акционерлерінің өкілі бекітілген кестеден ауытқымай, жұмыстардың жедел әрі уақтылы орындалып жатқанына ризашылықтарын білдірді», – делінген хабарламада. 

Eskene LPG компаниясы Алматы қаласында 2023 жылы тіркелген. Оның құрылтайшылары қатарында LPG Tech Ltd және Qazcon OEIC Ltd. жеке компаниясы бар. LPG Tech Ltd AIX-те тіркеуден өтіп қойған. Оның құрылтайшысы – Абай Сәрсенов және Qazcon OEIC Ltd. Компанияның құрылтайшысы – Freegate Capital Ltd, бұл компания Ален Ыдырысқа тиесілі

Сондай-ақ оқыңыз