Жаңалықтар

15 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер Ресейде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

Павлодар облысында 2008 жылы қыз зорлаған қылмыскер ұсталды / фото: shutterstock

Павлодар облысы Ақсу қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлап, оның өліміне себепші болған қылмыскер 15 жылдан кейін ұсталды. Ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде қолға түсіп, Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

2008 жылы күдікті кәмелетке толмаған қызды зорлап, қылмысы ашылып қалу қаупінен қорқып, таныстарымен бірге оның өліміне қатысқан. Қызды күштеп көлікке отырғызып, қала сыртына алып шыққан. Жолда сыбайластарының бірі оны буындырып өлтіріп, қылмысты жасыру мақсатында денесін далаға көміп кеткен.

Оқиғадан кейін күдіктілердің көпшілігі ұсталып, сотталғанымен, басты фигурант қашып үлгерген. Ол 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Тек 2023 жылдың қыркүйегінде құқық қорғау органдары оны Ресей аумағында анықтап, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауымен экстрадициялады.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.