Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Нетаньяху мен прокурор Галантты тұтқындауға ордер берді

Жарияланды
Израиль Нетаньяху
Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен Галантты соттау туралы ордер берді / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Халықаралық қылмыстық сот Палестина мемлекетінде жасаған қылмысы үшін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің бас прокуроры Йоав Галантты тұтқындауға ордер берді. Бұл туралы Халықаралық қылмыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Палестина мемлекетіндегі жағдай бойынша, Халықаралық қылмыстық соттың 1-ші сот палатасы Израиль мемлекетінің юрисдикциясының дәрменсіздігі туралы дәлелдерін жоққа шығара отырып, Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галлантты тұтқындауға ордер берді», – делінген Халықаралық қылмыстық сот хабарламасында.

Сот палатасы бұл екеуін адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптап отыр. ХҚС 2023 жылдың 8 қазаны мен айыптау актісі берілген 2024 жылдың 20 мамыры аралығындағы кезеңдерде Палестина мемлекетінің аумағында жасалған әскери қылмыстарды негізге алған.

Сот екеуін Газадағы бейбіт тұрғындарды азық-түліктен, судан, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардан, сондай-ақ отын мен электр энергиясынан, өмір сүруге қажетті заттардан әдейі және саналы түрде айырды деп айыптайды әрі бұл қылмыстар адамзатты өлтіру үшін қолдан жасалғанын алға тартады.

«Нетаньяху мырза мен Галлант мырзаны аштықты соғыс әдісі ретінде пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке таруға негіз бар. Азық-түліктің, судың, электр энергиясының және отынның, сондай-ақ белгілі бір медициналық құралдардың тапшылығы Газадағы бейбіт тұрғындардың бір бөлігін жоюға бағытталған және салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты деп пайымдауға негіз бар», – делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетсек, БҰҰ Жоғарғы соты шілде айында Израильдің Палестина жерлерін басып алуын заңсыз деп танып, консультативтік қорытынды шығарған болатын. БҰҰ халықаралық сотының төрғасы Наваф Салам Израильдің Палестина жерлері мен ондағы елдімекендерді басып алуын заңсыз деп мәлімдеп, бұл әрекеттерді мүмкіндігінше тезірек тоқтату қажет екенін айтты.

Аймақтағы шиеленіс 2023 жылдың 7 қазан күні ушықты. ХАМАС содырлары Израильдің оңтүстігіне жаппай зымырандар тастай бастады. Ал Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.

Сондай-ақ оқыңыз