Мәжілісте материалдық емес мұраны қорғау жөнінде заң жобасын әзірлеуге ұсыныс жасалды. Бұл мәселе парламенттің төменгі палатасының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің отырысында талқыланды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы заң жобасын жасау идеясын қолдады. Оның пікірінше, құжатта еліміздің мұраларын қорлауға қатысты қылмыстық жауапкершілік көрсетілуі тиіс.
Депутат ашық-шашық киініп, киіз үйде билеген қыздардың бейнеклипін мысал ретінде көрсетіп отыр.
«Салт-дәстүрге келсек, оның қоғамдағы орнын анықтауымыз керек. Дәстүрді дәріптейтін адам болса, оның мәртебесін айқындаған жөн. Киіз үйде билеген қыздарды көрген шығарсыздар? Біз не істей аламыз? Сондықтан Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастыруымыз керек болар? Бұл мәселелер заң жобасы аясында қарастырылуы тиіс», – деді депутат.
Оның сөзіне қарағанда, заңжобасында бұл мәселелерді реттеп отыратын министрлікті анықтау қажет.
Тоқаев елімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейту жұмыстары жасалынып жатқанын айтқан болатын. «Беташар» секілді дәстүрлер ЮНЕСКО-ның материалды емес құндылықтарына енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.