Газпромбанк пен оның Қазақстандағы филиалы АҚШ-тың санкциясына ұшырады
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты ресейлік Газпромбанк пен оның Қазақстандағы өкілдігіне санкция салды. Компания АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) веб-сайтындағы жаңартылған тізіміне енгізілді.
Газпромбанк – Ресейдегі ең ірі банктердің бірі. Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан мен Қытайда өкілдіктері бар. Бірақ АҚШ-тың жаңа санкциялар тізіміне банктің өзінен басқа Қазақстан, Моңғолия, Үндістан және Қытай өкілдіктері ғана енгізілді.
Газпромбанк сайтының мәліметі бойынша, Қазақстандағы филиалды Асқар Аспандияров басқарады.
Газпромбанктің Қазақстан Республикасындағы филиалы 2023 жылы 21,2 млн теңге салық төледі. 2022 жылмен салыстырғанда (18,2 млн теңге) 16%-ға көп. 2024 жылы аударым сомасы 8,5 млн теңгені құрады. 2020 жылдағы төлем ең жоғарғы көрсеткіш (21,3 млн теңге) болып есептелінеді.