Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алғашқы подкасында сарапшылармен жаһандық өзгерістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етенінін талқылады
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Youtube арнасында алғашқы подкасты жариялады. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, белгілі экономистер Алмас Чукин мен Айдархан Құсайынов қатысты.
Әшімбаев Taldau Talks жобасы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған сараптама алаңы екенін айтты. Подкаст арқылы тақырыпты тереңнен қаузауға болатынын қаперге салды.
Taldau Talks-тың қонақтары жаһандық сын-қатер жағдайында Қазақстанның экономикалық дамуының бағыттарын талдады. Оған қоса АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижелері мен Дональд Трамптың жеңісінің әлемдік экономикаға ықпалы жөнінде айтылды. АҚШ-тың мұнай өндірісін арттыруға бет бұруы нарыққа қосымша қысым жасап, мұнай бағасының одан әрі құлдырауына себеп болады.
«АҚШ-тың мұнай өндірісіндегі алпауыттардың бірі екенін ұмытуға болмайды. Сондықтан мұнай бағасын төмендету жөнінде уәдесін орындауы мүмкін. Егер сайлауалды уәдесін орындаса, көбіне тиімді болуы мүмкін. Бірақ экспорттаушы елдерге елеулі мәселе туындайды. Сондықтан осы жайтты қаперде ұстауымыз керек», – деді Тимур Сүлейменов.
Трамптың сыртқы сауда саясатындағы қатаң шаралары, атап айтқанда, Қытаймен текетіресі жаһандық экономикалық өсу қарқынын әсер етеді. Сондықтан көрші елдегі жағдайды бағамдай отырып, Қазақстан ерте бастан қамдануы қажет. Сарапшы Алмас Чукин АҚШ саясатының теңге бағамына, мұнай өндірісіне және Ресей-Украина соғысына әсері зор болуы мүмкін екенін, осы факторларды ескеру керек екенін қаперге салды.
Халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа дайын боулы үшін Қазақстан қаржы-несие және фискалдық саясат арасында тепе-теңдікті сақтау маңызды. Әшімбаев подкасында сарапшылар Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені реттеуі, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, жаһандық өзгерістерге экономиканы бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.