Путин Украинаның әскери зауытын қиратқан «Орешник» баллистикалық зымыранының баламасы жоқ екенін мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
«Орешник» баллистикалық зымыранының баламасы жоқ екенін мәлімдеді/ фото: kursiv.media архивінен

РФ Президенті Владимир Путин Украина нысанын баллистикалық зымыранның шабуылдауымен жүзеге асқанын хабарлады.

«Ресей аумағына ATACAMS және Storm Shadow зымырандарының шабуылынан кейін, Украинадағы аймақтық қақтығыс жаһандық сипаттағы элементтерге ие болды», – деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

Ол АҚШ пен НАТО-ның одақтастары Украинаның Ресей Федерациясының аумағында алыстан көздейтін қару-жарақ жүйелерін пайдалануына рұқсат беретінін бұрын мәлімдегенін еске салды.

«21 қарашада Ресейдің қарулы күштері Украинаның әскери-өнеркәсіп кешені нысандарының біріне біріккен шабуыл жасады. Орта қашықтықтағы ең жаңа ресейлік зымырандық кешендердің бірі жауынгерлік жағдайда сынақтан өтті. Бұл жағдайда ядролық емес гипердыбыс жабдықпен жабдықталған баллистикалық зымыран қолданылды», – деді Путин.

Оның айтуынша, Днепропетровскіде Кеңес Одағы кезінде ең ірі және әйгілі өнеркәсіптік кешендердің бірі болған, қазіргі кезде зымырандық технологиялар мен басқа да қару-жарақ шығарылатын «Южмаш» зауытына шабуылдау сәтті аяқталды.

Ресей Президенті «Орешник» баллистикалық зымыраны өте қуатты қару екенін мәлімдеді.

«Дұшпанның мұндай қаруды қолдануы арнайы әскери операция аймағындағы соғыс қимылдарының барысына әсер ете алмайтынын тағы бір рет атап өткім келеді», – деді Путин.

РФ басшысы зымырандармен шабуылдау жалғасатынын ескертті.

«Қажет болған жағдайда және жауап ретінде Украина аумағында «Орешник» сияқты жүйелермен жойылатын нысананы таңдаған кезде біз бейбіт тұрғындарға ескерту жасаймыз, сондай-ақ ол жерде орналасқан достас мемлекеттердің азаматтарын қауіпті аймақтардан кетуді сұраймыз», – деді ол.

Путин мұндай қарудың баламасы жоқ екенін, барлық жағдайда қарсыластарының шабуылына жауап бере алатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз