Қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.
Қазақстандықтар жаңа 2025 жылды сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні қарсы алады. Жаңа жылдық демалыс төрт күнге, атап айтқанда 1-нен 4 қаңтарға дейін созылады.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады»,- делінген министрлік хабарламасында.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күн болатын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.