АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Ресей компанияларына қатысты санкциялық тізімін кеңейтіп, оған 40-тан астам тіркеуші компанияны қосты. Олардың қатарында «Инфинитум» мамандандырылған депозитариі де бар. Аталған депозитарийде «Нигелла» және «Левкой» жабық инвестициялық қорының пайлары сақталады.
Аталмыш пай қорлары KASE-нің бұрығы акционері – Мәскеу биржасын (MOEX) алмастырған еді. Мәскеу биржасы АҚШ санкциясына ұшыраған соң, Қазақстан қор биржасы акционерлері қатарынан шығып, ол иелік еткен 13% акцияны екі инвестициялық компания сатып алған. Енді жаңа акцонерлерге де санция қаупі төніп тұр ма? Осыған байланысты Қазақстан қор биржасы (KASE) жаңа санкциялар биржа жұмысына қаншалықты әсер етуі мүмкін екеніне түсініктеме берді
АҚШ санкциясы KASE қызметіне әсер етпейді
KursivMedia жолдаған ресми сауалға берген жауапта Қазақстан қор биржасы жаңа санкциялар KASE қызметіне тікелей әсер етпейтінін жазған. Егер санкция қатері туындаса, биржа оның алдын алатын қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.
«KASE туындайтын қауіп-қатерді мұқият қадағалап отыр. Биржа қызметіне әсер етуі мүмкін елеулі сын-қетір туындаған жағдайда, акционерлермен байланысты мәселелерді қоса алғанда, KASE оларды азайту үшін тиісті шараларды қабылдайды», – делінген жауапта.
Биржа қандай шараларды қолға алмақ?
KASE өкілдері бұл шешім биржаның қызметімен байланысты емес және оның жұмысына әсер етпейтінін баса айтты.
«Қазақстан қор биржасы нормативтік стандарттарды қатаң сақтайтынын және реттеуші органдармен тығыз жұмыс істейді. Бұл жағдай қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деп сендіреді биржа.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты тағы да ресейлік бірқатар компанияға санкция салды.