Жаңалықтар

Илон Маск АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлар отыр

Илон Маск АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлар отыр
Илон Маск АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлар отыр / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың ұсынысымен тиімділік департаментін басқаруы тиіс миллиардер Илон Маск мемлекеттік әкімшілік қызметтегі кейбір лауазымдарды қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның The Wall Street Journal басылымындағы жария болған жоспарында жазылған.

АҚШ-тың тиімділік департаменті аталатын ұйымға төрағалық етуі тиіс Маск АҚШ мемлекеттік аппаратын алдағы қайта құрылымдауға қатысты көзқарасын түсіндірді. 

«Мемлекеттік қызметке сайланбаған, тағайындалмаған миллиондаған қызметкерлер бар. Оларды мемлекеттік қызмет жөніндегі ережелер қорғайды», – деп жазылған мақалада.

Маск пен оның осы қызметтегі серіктесі Вивек Рамасвамидің пікірінше, ережелердің көпшілігі конгресс қабылдаған заңдар емес, бюрократтар жасаған ережелер. Осының әсерінен Америкада салық та артып отырады.

«Біз саясаткерлер емес, кәсіпкерлерміз. Федералды шенеуніктер немесе қызметкерлер емес, еріктілер ретінде жұмыс істейтін боламыз. Мемлекеттік комиссиялардан немесе консультативтік комитеттерден айырмашылығы, есеп жазбаймыз. Шығындарды азайтамыз», – деп уәде берді олар.

Олар құрылымдарды қайта қараудың негізгі бөлігі конгресте жаңа заңдар қабылдау арқылы емес, президенттік атқарушы жарлықтар арқылы жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Маск пен Рамасвами артық ережелер жойылғаннан кейінгі қисынды қадам мемлекеттік органдарды қысқарту болады деп санайды. Осы мақсатта олар әрбір федералды ведомствода барынша аз қызметкер қалдыруға тырысады. 

«Қысқартылған федералды қызметкерлердің саны, жойылатын федералды ережелердің санына пропорционал болуы керек: аз ережелерді орындау үшін аз қызметкер қажет», — делінген мақалада.

Маск  қысқартуға ұшыраған қызметкерлерді жеке секторға жұмысқа тұрғызуға көмектесетінін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп елде тиімділік департаментін құратынын айтқан. Оны миллиардер Илон Маск пен кәсіпкер Вивек Рамасвами басқаратын болған.