Жаңалықтар

Ресейдің Украинаға атқан «Орешник» зымырандары туралы не белгілі

Ресей Украина «Орешник» Капустин Яр
Ресейдің Украинаға атқан «Орешник» зымырандары туралы не белгілі / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Украина аумағына орта қашықтықтағы «Орешник» баллистикалық зымыранымен соққы жасағаны туралы хабарлады. 1987 жылы желтоқсанда сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган мен КСРО басшысы Михаил Горбачев қол қойған орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімге сай мұндай зымырандарды қолдануға тыйым салынған. Алайда 2018 жылы АҚШ, 2019 жылы Ресей келісімнен шығып кеткен. KursivMedia «Орешник» зымырандарының қаупі туралы толық ақпарат ұсынады.

21 қарашада ресейліктерге үндеу жасаған Путин Украинаның Днепр қаласына «Орешник» зымыран жүйесімен соққы жасалғанын айтты. Путин Украинаның Atacms пен Storm Shadow және HIMARS зымырандарымен шабуылы соғыстың жаңа кезеңі және «Орешникпен» жасалған шабуыл осы осы зымырандарға жауап деп айтқан. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің сөзін жоққа шығарды. Себебі Украина әскері жоғары да аталған зымырандарды осыған дейін де атқылап келген. 

Зымыран ядролық материалдармен емес, арнайы жарылған заттармен толтырылған. Яғни соғыс әлі де ядролық қарусыз жалғасуда.

Путиннің сөзінше, «Орешник» зымыраны гипердыбыстық жауынгерлік блоктарымен жабдықталған. Ұшу жылдамдығы секундына шамамен 2-3 км. Ұшу диапазоны 1000-нан 5500 км-ге дейін созылуы мүмкін.

Ресейлік әскери блогер Юрий Подоляктің айтуынша, Днепрге ұшқан зымыран Астрахань облысындағы «Капустин Яр» әскери полигоны аумағынан ұшырылған

Айта кетейік, «Капустин Яр» полигонының бір құрылымы Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан. Бөкей ордасы ауданында орналасқан «Сарышаған» полигонын Ресей 2030 жылға дейін жалға алған. «Сарышаған» полигонының өзге бөліктері Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облысының аумағында бар.

Бұдан бөлек, Қазақстан 2030 жылға дейін тағы екі аумақты Ресейдің әскери полигондарына жалға беріп отыр. Әңгіме Батыс Қазақстан облысында 4 мемлекеттік полигон мен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында 929-мемлекеттік полигон туралы.

2000 жылы жасалған келісім бойынша Қазақстан Ресейге әскери полигон ретінде жалға берген жерлер үшін гектарына 2,33 доллар алып отырады.

22 қараша президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты Қазақстандағы әскери және стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған.