Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік береді

пойыз билеттеріне жеңілдік
ҚТЖ пойыз билеттеріне жеңілдік жариялайды / Фото: kursiv.media

«Қазақстан темір жолы» пойыз билеттеріне жеңілдік жариялады. Бұл туралы ҚТЖ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Жеңілдіктер тек 31 желтоқсанда қатынайтын пойыздарға қолданылады. ҚТЖ талаптарына сәйкес бұл күнгі билеттерді жеңілдікпен алу үшін 1 ​​желтоқсанға дейін сатып алу қажет.

Билеттердің бағасы мына бағыттар бойынша, 25%-ға жеңілдейді.

  • №26 «Шымкент–Алматы»
  • №86 «Шымкент–Астана»
  • №12 «Шымкент–Алматы-2»
  • №77/78 «Алматы–Маңғыстау»
  • №47 «Астана–Атырау»
  • №691/692 «Атырау–Ақтөбе»
  • №313 «Маңғыстау–Атырау»
  • №605/606 «Балқаш–Қарағанды»
  • №351/352 «Алматы-2–Өскемен-1»
  • №34 «Ақтөбе–Алматы- 1»

Ескерте кетейік, 25% жеңілдік тек купе вагондарына арналған билеттерге қолданылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылғы 1 қазаннан бастап, 140 жолаушы тасымалының 62 бағыты бойынша пойыз билеттері 20%-ға қымбаттады. Облысаралық пойыздардың орташа тарифі 6 377 теңгеден 7 652 теңгеге, «Тальго» пойыздарымен жүрудің орташа құны 10 579 теңгеден 12 695 теңгеге артты.