Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде жарық көп тұтынылатын сағаттарда электр қуатының тапшылығы сезіліп отыр. Бұл жайында Энергетика министрлігі хабарлады.
Осы түйткілге байланысты іргелес жатқан елдерден электр қуаты жеткізіліп жатыр. Айталық, Қырғызстаннан су-энергетикалық ынтымақтастық келісім аясында, Өзбекстаннан энергетика министрліктерінің басшыларының кездесуі хаттамасы шеңберінде импортталады. Ал электр қуаты көп тұтынылатын кезеңдерді Ресей қамтамасыз етіп отыр.
«Электр қуатының импорты бірқатар себептерге тәуелді. Соның ішінде отандық электр стансаларды жоспарланған жөндеу жөндеу жұмыстары да бар. Қазақстан мен Ресей энергия жүйелерінің шекарасында жоспарланбаған ауысымдары көтерме сауда субъектілерінің жұмыс режимінін жопарлаудағы қателіктеріне, электр стансаларындағы құрыл-жабдықтардың апатты сөндірілуіне байланысты туындайды», – деп хабарлайды министрлік.
Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, импорт тек қана жетпей жатқан қуатты жабу үшін ғана жеткізіледі. Электр қуатын импорттау үшін тиімді талаптарды қамтамасыз ету басты назарда. Осы мақсатта көрші мемлекеттермен ұдайы келіссөз жүргізіледі.
Министрлік алдағы жеті жылға арналған электр қуатының болжамды балансы әзірленді. Ондағы мақсат – энергия жүйелерінің техникалық мүмкіндігін анықтау.
Биыл қаңтар айында бекітілген 2024-2030 жылдар аралығында кезеңге арналған теңгерім бойынша, 2030 жылы электр қуатының тапшылығы болжанып отыр. Сондықтан, импортқа тәуелділікті азайту мақсатында бірқатар шара қабылданған. Қазіргі энергия көздерін жаңғыртып, жаңа генерация құрылысы салынады. 2035 жылға дейінгі электр қуаты саласын дамыту шараларының жоспары жасалған.