Димаш Құдайберген Прагада қазақ тілін үйренгісі келетін адамдардың санын тағы да көбейтті

Жарияланды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Прагада кеше өткізген концертті кезінде, әлем жұртшылығының қазақ тілін үйренуге деген ықыласын арттыра түсті. Бос уақытында славак, чех, орыс және қазақ тілдеріндегі сөздердің қалай айтылатыны сұраған жүргізушінің сауалдарына жауап берді. Шығу тегі бір славян тілдерінің  арасында қазақ тілінің ерекшеліп тұрғаны түсінікті.

«Мен қазақ тілін жақсы көремін. Басқа тілдерден өзгеше. Қазақ тілі өте әдемі тіл екен. Концерт керемет өтті», – деп жазады Анна Коуз есімді Димаштың бір тыңдарманы.

Сұралған сөздер қарапайым. Дені – жеміс-жидек пен жануарлардың атауы. Осының өзі қазақ тілін үйреніп жүрген Димаштың фанаттарына демеу беріп отыр.  

Қысқа бейнежазбаға пікір қалдырғандардың да қарасы көп.

«Қазақ тілін үйренуге тырысамын. Бірақ өте қиын екен. Бірақ сонда да бас тартпаймын». «Димаш – күн сәулесі. Бізге Бразилияға келіңіз. Сізді қатты жақсы көреміз».

Шетелдіктер осылай таза қазақ тілінде жазба қалдырып жатыр.

Енді үйренуді қалайтындар Димашты қазақ тілінен қысқа сабақтар түсіруге шақырып жатыр.

«Міне, қазақ тілін кімнен үйренуге болатынын көрдіңіздер ме? Мен ең үлгілі және талапты үйренуші болар едім», – дейді Димаштың өнерін бағалайтын шетелдіктің бірі.

Димаштың келесі концерті ертең Германияның Дюссельдорф қаласында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз