Жаңалықтар

Иорданияда Израиль елшілігінің жанында болған атыс салдарынан үш полиция қызметкері жараланды

стрельба
Иорданияда Израиль елшілігінің жанында атыс болды/ фото: shutterstock

24 қараша, жексенбі күні, Иорданияда Израиль елшілігінің маңында атыс болып, үш қауіпсіздік қызметкері жараланды деп жазды Reuters. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Амман қаласының Рабия ауданында қарулы адам полиция патруліне оқ атты. Тәртіп сақшылары да оқ жаудырды, соның нәтижесінде күдікті мерт болды. Полиция Аммандағы атыс болған Рабия аймағын қоршауға алып, жергілікті тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды.

Жергілікті Al Arabiya басылымының жазуынша, қазір үш қауіпсіздік қызметкері ауруханада жатыр. Олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Газа секторында соғыс басталғаннан бері Израильдің дүние жүзіндегі дипломатиялық өкілдіктеріне бірнеше рет шабуыл жасалды. Қазан айында Дания мен Швецияда Израиль елшіліктерінің маңында жарылыс орын алды. Қыркүйек айында Мюнхендегі Израиль бас консулдығының жанында атыс болды. Маусым айында ер адам Белградтағы Израиль елшілігін күзетіп тұрған серб полицейін арбалетпен атқан.