Абай облысында автожолдар жабылды. 2024 жылы 24 қараша сағат 16:30-да екі учаскеде көлік қозғалысы шектелді.
Абай облыстық полиция департаменті Жетісу облысына баратын бағыт бөгелгенін хабарлады. Мақаншы – Жалаңакөл (133 шақырым) және Мақаншы – Үшарал (48 шақырым)жол бөліктерінде патруль көліктері тұр. Оған себеп – күн райының бұзылуы.
«Жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды және бұл ақпаратты жол жүру жоспарларында ескеруді сұраймыз», – деп ескертті полиция департаменті.
Оған дейін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы Жетісу облысында Үшарал – Достық жолының 84-164 бөлігіне шектеу қойылғанын мәлімдеді. Яғни Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін барлық көліктің жүруіне тыйым салынды.