Жаңалықтар

Алматы қаласында қоғамдық көлікте әйелге қол жұмсаған жолаушыны полиция тергеп жатыр

Алматы қаласында қоғамдық көлікте болған жанжал кезінде ер адам әйелді ұрған/ Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында автобуста ер адам әйелмен сөзге келіп қол жұмсады. Оның ашулануына жолаушының телефонмен дауыс көтеріп сөйлесуі себеп болған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның өте дөрекі сөйлегені байқалады. Бұл оқиға Алматыда №126 маршруты бағытындағы автобуста болған. Куәгердің айтуынша, ер адам жолаушыға ескерту жасағанымен, оның жауабы көңілінен шықпаған. Содан кейін әйелдің жағасынан ұстап, көліктен шығарып жібермек болған.

Полиция бұл оқиға бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факт бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Кінәліге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шара қолданылатыны сөзсіз. Қазіргі уақытта мән-жай анықталуда», – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті.