Жаңалықтар

Тбилисиде наразы топ парламент алдындағы алаңда түнеп шықты

Тбилисиде наразы топ парламент алдындағы алаңда түнеп шықты
Тбилисиде наразы топ парламент алдындағы алаңда түнеп шықты / Фото: Tbilisi.life, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тбилисидегі наразылық білдіруші топ Грузия парламенті ғимаратының алдындағы Руставели алаңында түнеп шыққан. Олар наразылық акциясын 24 қарашада бастап, шатырлар құрып, 26 қараша күнгі таңды алаңда атырған.

«Демонстранттар депутаттарды күтуде. Оларға Батуми студенттерінің бір бөлігі қосылды», – деп хабарлайды «Грузия line» басылымы.

25 қарашада таңертең Грузия парламентінің алдындағы жағдай тыныш болған. Акция басталғаннан кейін, полицейлер бір адамды ұстап алып еткен. Ол бұрын полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікке ілінген. 25 қараша таңертең Парламент ғимаратына маңына су атқыш көліктер келе бастаған.

Бүгін, 25 қараша жаңа сайланған Парламенттің алғашқы отырысы өтуі тиіс. Онда заң шығарушы органның төрағасы сайланып, премьер-министр мен оның кабинеті бекітіледі. Спикер лауазымына бұрын осы қызметті атқарған Шалва Папуашвили, ал премьер-министр лауазымына Ираклий Кобахидзе ұсынылған.

Кобахидзе 25 қарашада өткен брифингте өз үкіметінің құрамын ұсынған. Жаңа сайланған Парламент оған бірінші отырыста сенім дауысын жариялауы керек. Жаңа кабинетте үш жаңа министр бар: СІМ басшысы лауазымына бұрын сыртқы істер комитетінің төрағасы қызметін атқарған Майя Бокоришвили ұсынылған, әділет министрі болып парламенттің заң комитетінің төрағасы болған Анри Оханашвилиді тағайындау ұсынылды. Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне бұрын парламенттік комитеттің басшысы қызметін атқарған Дэвид Сонгулашвили ұсынылған. Алдағы сағаттарда депутаттар Ираклий Кобахидзе бастаған Грузияның жаңа Үкіметіне сенім білдіруі керек. 

26 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін, Грузия халқы жаппай наразылық акцияларына шықты. Жеңіске жеткен «Грузия арманы» партиясы ЕуроОдаққа кіру процесін шегеруді қолдайды. Осыдан кейін ЕуроОдақ ел үкіметіне бөлген гранттарды азаматтық қоғамның бастамаларын қолдауға жіберетінін айтты.