Жаңалықтар

2024 жылы 800 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасқан

2024 жылы 800 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасқан
2024 жылы 800 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасқан / Фото: shutterstock

2024 жылы жұмыс іздеген 804 мың Қазақстан азаматы ресми қызметке орналастырылған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Министрдің сөзінше, жұмысқа тұрған адамдардың ішінде 200 мыңнан астам жастар, 9 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматтар мен олардың қамқоршылары бар.

Жақыпова 2030 жылға дейін мүгедектік статусының әлеуметтік-құқықтық қорғау моделі дайын болып, енгізілетінін атап өтті.

«Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі», – деді министр.

Бұған қоса, министр «Жобалардың инновациялық навигаторы» жобасы іске қосылып, оның аясында елдегі қажетті мамандар туралы ақпарат жаңарып, қызмет сапасын қамту ойластырылған.

«Платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған», – деді ол.

Президент министрге әлеуметтік саланы жетілдіруге бірқатар тапсырмалар берген.