Ақмола облысында сотталушыны алдаған түзету мекемесінің бастығы 45 миллион теңге айыппұл арқалады

Жарияланды
Ақмолада жазасын өтеп жатқан адамнан ақша талап еткен түрме бастығы сотталды/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Ақмола облысында түзету мекемесі бастығы ірі айыппұл арқалап, қызметінен босады. Ол сот шешімімен екі бап бойынша жазаға тартылды.

Колония бастығы жазасын өтеп жатқан азаматты ерте бостандыққа шығарам деп алдаған. Сотталушы мерзімінен босату жөнінде өтініш жазған. Осыны шенеунік сәтті пайдаланған. Егер 6 миллион теңге тауып берсе, мәселесін шешетінін айтқан. Егер бұл қаражатты тауып бере алмаса, өтініші қаралмайтынын ескерткен.

Жәбірленуші дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлады. Ақша беріп жатқан кезінде күдіктіні ұстау операциясы жүргізілді.

Сотта шенеунік өз кінәсін мойындады. Заңсыз ақша мемлекет қазынасына құйылды. Одан бөлек жәбірленуші талап еткен ақшаны қайтарып берді.

Түрме бастығы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша сотталды. Енді мемлекетік қызмет атқаруға құқығы жоқ. Алған ақшасын 7,5 есе мөлшерде өтейді. Сот үкімімен алаяқтығы себепті 45 миллион теңге айыппұл арқалады.

Сондай-ақ оқыңыз