Lifestyle

Билейтін робот иттер, ұшатын көлік пен андроид бикештер: Қытай автокөлік өнеркәсібі тағы қандай технологияларымен таңғалдырды

Қытайда жыл сайынғы «EXEED 2024 ғаламдық пайдаланушылар саммиті» өтті / Фото: EXEED баспасөз қызметі

Қытайдың Уху қаласында «EXEED 2024 ғаламдық пайдаланушылар саммиті» өтті. «Біз үшін, болашақ үшін» ұранын басты назарға алған халықаралық шарада EXEED-тің жаңа технологиялары, экожүйе, компанияның болашақ стратегиялары және тұрақты дамуға деген ұмтылысы жан-жақты көрсетілді. Талғампаз тұтынушы тарапынан сұраныс жоғары екенін жақсы түсінетін алпауыт компания бұл жолыда жаңа технологияларымен таң қалдырды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген білікті сарапшылар,журналистер, автотұтынушылар жиналды. Orbis Auto компаниялар тобына кіретін EXEED ресми дистрибьюторының ұйымдастыруымен халықаралық шараға Қазақстаннан да бір топ делегация барды.

Компания қандай модельдерді ұсынды?

Түрлі мемлекеттен келген қонақтар саммит барысында халықаралық нарыққа арналған RX PHEV, ELANTIX ES REV, ELANTIX ET REV және ET BEV сынды жаңа бренд модельдердің қауіпсіздік, интеллектуалдық және төзімділік сынақтардың куәсі болды. Бір сөзбен айтқанда жиналғандар жаңа технологиялар енгізілген бұл көліктердің талғампаз тұтынушылардың көңілінен қаншалықты шығатынын бағамдап, өз бағаларын да берді.   Болашақта Қазақстан нарығына келетін EXEED-тің жаңа модельдері жайлы «Курсив» осыған дейін жазған болатын.   

Фото: EXEED баспасөз қызметі

Екінші буынды жаңа «Argos» ақылды робот иттің артықшылығы неде?

EXEED гибридті көліктерімен ғана емес, инновациялық технологияларымен де таңқалдырды. Интелектуалды билейтін робот иттер, андроид бағдарлмасы арқылы басқарылатын робот бикештер және Land and Air Vehicle маркалы ұшатын көліктер. Мұның барлығы EXEED Жаһандық Пайдаланушылар Саммитінде «Ғылыми фантастика шындыққа айналуда» атты экологиялық көрме алаңында көпшілік назарына ұсынылды. 

Фото: EXEED баспасөз қызметі

Робот иттер жиналғандардың ерекше қызығушылығын оятты десе болады.  Шынайы итке ұқсас ойластырылған бионикалық робот сереуендеу кезінде тепе-теңдікті сақтай алады, табиғи жүрісіне барынша жақын. Жүгіру, секіру, артқы аяқтарымен тұру сынды қимыл қозғалыстары да назар аудартпай қоймайды. Бұл механикалық иттер кең бұрышты камерамен, ультрадыбыстық сенсормен және жарықдиодты «көздермен» жабдықталған. Осылардың арқасында робот қоршаған ортаны жақсы сезініп, ақпаратты дәл қабылдай алады. Роботтардың ішіне орнатылған жасанды интеллект жүйесі кеңістіктегі өзгерістерді дәл анықтап, сол өзгерістерге жылдам әрекет етеді. 

Самиттің қортынды конференциясында механикалық иттер тағы бір ерекше қабілетін көрсетті. Олар топтық би орындап, жиналғандарды таңғалдырды.

 Андроид-робот қыздар компания көліктерін сатады…

Компания қонақжайлылық танытудың да озық үлгісін көрсетті. Самиттің қортынды конференциясына жиналғандарды ең алдымен робот-бикештер ерекше құрметпен қарсы алды. Андроид жүйесі енгізілген инновациялық туынды компания және оның өнімдері туралы қойылған сұрақтарға еркін жауап береді. Тіпті компания болашақта бұл робот бикештерді өздерінің автосалондарында кеңесші-сатушы ретінде қолданып көрмекші. Аталған роботтар компания өндіретін барлық автокөліктер туралы толық мағұлматқа ие, сондықтан клиенттерге қажетті ақпаратты еркін жеткізіп, конструктивті диалог құра алады.

Фото: EXEED баспасөз қызметі

Компанияның бұл жаңашылдықтары тіпті күнделікті өмірде адамға тигізер пайдасы көп болады деп күтілуде. Өйткені роботты құсатырушылар тұрмыстық қызметтерді жасауға қауқарлы болатындай етіп бейімдеген.  Болашақта мұндай андроид роботтар жалғызбасты қарттарға қамқорлық жасап, тіпті тамақ әзірлеп, балалармен де ойнай алатын болады.

Ұшатын Land and Air Vehicle көлігі…

Land and Air Vehicle деп аталатын ұшатын көлік. Сыртқы көрінісі бойынша бұл көлік тікұшақ пен автокөлік арасындағы гибридке ұқсайды. Әзірге протатип ретінде ұсынылған, әлі де жетілдіру процесінде. 80 шақырымдық сынақ жолынан сәтті өткен. Бір қызығы, бұл жаңа технологияда әдеттегі көліктегідей руль немесе газ педальі мүлдем қолданылмайды. Дизайны ұшатын бөлік, интелектуалды кабина мен шассиден тұратын бұл технология 1000 метр биіктікке дейін көтеріліп, 120 км/сағат жылдамдықпен қозғалады. Ұшу уақыты шамамен 40 минутқа жетеді.

Фото: EXEED баспасөз қызметі

EXEED өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа экожүйе құруда

EXEED бас директоры Цинь Чао соңғы бес жыл ішінде EXEED халықаралық нарықта оң баға алғанын және әлем бойынша 200 000-нан астам пайдаланушының сеніміне ие болғанын айтты. Бұл жетістік компанияның премиум бренд ретінде шынайы бағаға ие болғанын білдіреді. Болашақта EXEED «Адам + Көлік + Өмір» экожүйесін құрып, жаңа энергия көздерін дамытпақшы. Осылайша, электр көліктер сегментінде көшбасшыға айналуды көздейді.

Фото: EXEED баспасөз қызметі

Компания сонымен қатарESG стратегиясы бағытында әлеуметтік міндеттемелер әлеуетін де кеңейте түсуде. Осы орайда, EXEED-тің бас компаниясы Халықаралық табиғатты қорғау одағымен (IUCN) келісімге қол қойды. 3,5 миллион доллар көлеміндегі инвестициямен «Табиғатты қорға» жаһандық ынтымақтастық жобасы іске қосылды. Бұл компанияның қызметі тек халықаралық сауда мен нарықты кеңейтумен шектелмейдіндігін дәлелі. Алпауыт компания экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді ықпал ете алатын байқатты.

EXEED компаниясының бас директорымен сұхбат…

Саммит барысында Kursiv.media тілшісі EXEED компаниясының бас директоры ЦИН Чао мырзамен жеке сұхбаттасып, алдағы жоспарлар мен өнім сапасына қатысты мағұлмат алуға тырысты. Сондай-ақ келер жылы Қазақстан нарығына келетін жаңа модельдердің артықшылығы мен ерекшеліктері жайлы сұрадық.

 Біз көліктерді тест-сынағынан өткізу барысында олардың бір рет толық қуатталған режиммен 1100 шақырымды оңай еңсеретініне көз жеткіздік. Десе де айта кетейік, қазақстандық тұтынушылар инфрақұрылымға байланысты электромобильдерге ауысуға толық дайын емес. Көп жерде қуаттау бекеттерінің болмауынан алыс қашықтыққа мұндай көліктермен шығуға тәуекел етпейді. Компания осы сенімсіздікті жою үшін, осындай мүмкіндік ұсынып отыр ғой?

Фото: EXEED баспасөз қызметі

Иә, қазіргі уақытта біз әзірлеп жатқан аккумуляторлар жылдам қуаттау, ұзақ жүріс қашықтығы, ұзақ қызмет ету мерзімі және жоғары қауіпсіздік сияқты артықшылықтарға ие. Бұл технологиялар BEV (Battery Electric Vehicle) электромобильдерінің өнімдер қатарының кеңеюіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта электрлік көліктің максималды жүріс қашықтығы 1200 км-ден аса алады, ал бес минуттық қуаттау арқылы 400 км-ге дейін жүріс қашықтығын арттыруға болады. Бұл қуаттауды жанармай құю сияқты жылдам етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің қатты күйдегі аккумуляторларымыздың әзірлемесі де жүзеге асуда және олар 2026 жылы мақсатты түрде қолданысқа енгізіліп, 2027 жылы нарыққа кең көлемде шығарылады деп күтілуде. Біздің REEV және PHEV модельдері жиі қуаттауды қажет етпей, үлкен қашықтықты жүріп өте алады. Үшінші буын PHEV технологиясы арқасында отынның шығыны өте төмен. Сондай-ақ, біздің BEV модельдеріміз де жоғары қуат пен басқару қасиеттерімен ерекшеленеді.

  EXEED-тің қай маркасына сұраныс жоғары?

– EXEED брендінің барлық модельі сәтті шыққан және табысты деп айтуға толық негіз бар. Десе де VX пен RX модельдерін айрықша атап өтуге болады. Осы екі марканы «топ» модельге айналды. Қос көліктің техникалық сипаттамасы мен дизайны жағынан алар болсақ, жоғары сұранысқа ие болып отыр. VX моделі кеңдігі мен күшті қуатының арқасында тұтынушылардың сенімінен шығуда. Нағыз отбасылық көлік деп айтуға болады. Ал, RX моделіне жастардың назары көп түсуде. Спорттық дизайны мен тамаша басқару қасиеттері үшін осы санаттағы тұтынушылар көптеп сатып алуда. Бұл екі модельдің жоғары сатылымда болуы, EXEED бренді өнімдерінің нарықта жоғары сапалы жол талғамайтын көліктерге деген сұранысының да көрсеткіші деуге болады.

– EXEED EXLANTIX ET және EXEED RX PHEV Қытай нарығына сатылымға шықты ма?

Иә, EXEED EXLANTIX ET және EXEED RX PHEV Қытай нарығына сәтті шығып, бірден оң бағаға ие болып жатыр десек болады. Тіпті осы саладағы сарапшылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Үздік сипаттамасы мен дизайны осы екі жаңа көлік тұтынушылары арасында да сұранысты арттырды. Бұрын атап өткеніміздей, жаңа ET және RX модельдерін біз «алтын технология» деп айтамыз.  Жүріс қашықтығы және үшінші буын PHEV технологиясымен жабдықталғанын мақтанышпен жеткіземіз.  Біз осы екі модельдің болашақтағы нәтижелеріне үлкен оптимизммен қараймыз және олар тұтынушыларға экологиялық сапар тәжірибесін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

– EXEED компаниясының болашақтағы мақсаты қандай?

– EXEED нарық сұранысына сәйкес әртүрлі қуат көздеріне негізделген өнімдерді дамытуды жалғастырады. Мұнда ішкі жану қозғалтқышы бар көліктер мен жаңа энергетикалық көліктер қатар шығаруды тоқтатпаймыз. Біздің  жанармай отынымен жұмыс істейтін модельдеріміз жоғары қуат пен басқарудың үздік мүмкіндіктерімен әлі де таңқалдыра беретіні сөзсіз. Сонымен қатар интеллектуалдық жүйелері және жайлылықты басты назарға аламыз.