Halyk Finance сарапшылары дәл қазір Қазақстанда толыққанды нарықтық экономика құру және мұнайға тәуелділіктен арылу қажет деп тұжырымдайды. Оған қоса тапшылығын мәселесін шешу үшін салық-бюджет және ақша-несие саясатын қайта қарау керек.
Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың айтуынша, толыққанды нарықтық экономиканы либералды демократиясыз құру мүмкін емес. Ол:
- әділ сайлау өткізу;
- билікті тармақтарға бөлу;
- заң үстемдігін орнату;
- адам құқығы мен саяси еркіндікті қорғауды қамтиды.
Экономистің айтуынша, қазір Қазақстанда «мемлекеттік капитализм» қалыптасып жатыр, ол тек мұнайдан түсетін табысқа сену, экономиканы «қолмен басқару», сондай-ақ мемлекеттік қаржыға қоғамдық және парламенттік бақылаудың әлсіреуінен байқалады.
«Мұндай командалық-әкімшілік экономикалық жүйе Қазақстанда соңғы 15 жылда байқалған экономикалық өсімнің сапасыз болуына әсеп соқты. ЖІӨ құрылымы мен негізгі салалардың үлесі экономиканың әртараптандырылмағанын, технологиялық даму жоқ және бәсекеге қабілетсіз екенін байқатады», – деп атап көрсетілген мақалада.
Ал банк секторы бизнес пен экономикаға несие беру функциясын орындамай отыр. Сондықтан экономист мынадай шараларды қолға алуды ұсынады:
- Нарықтық пайыздық мөлшерлемені тікелей мемлекеттік бюджет есебінен қарыз алушы есебіне субсидиялау;
- Немесе компанияның салықтық төлемдерінен субсидия беру.
Бұған дейін AERC талдау орталығы Қазақстанның 2024 жылғы жалпы ішкі өнім өсіміне қатысты болжамын 4%-дан 4,6%-ға дейін көтерген. Алайда сарапшылар ел экономикасы Үкіметтің Ұлттық қордан алған «қаржы допингінің» арқасында ғана өсетініне назар аударған.