Қазақстанда 2025 жылы авиамаршруттар субсидия беретін болды. Бюджет бөлінетін қаржының жалпы сомасы 6,9 млрд теңге. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Бұл субсидияны алу үшін әуе компаниялары 9 желтоқсан кешке дейін өтініш беруі қажет. 10 желтоқсанда субсидияланатын бағыттар бойынша рейстерді орындауға конкурс өтеді. Қатысуға Қазақстанда тіркелген және пайдаланушы сертификаты бар авиакомпаниялар жіберіледі.
«Тұрақты ішкі коммерциялық авиатасымалдауға рұқсаты бар, салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша борыштары жоқ, кемінде 50 орындық әуе кемелері бар компаниялар қатыса алады», – делінген министрлік хабарламасында.
Жалпы бөлінген сомма 6,9 мрлд теңге, субсидия берілетін 26 бағыт бары белгілі.
Субсидия бөлінген бағыттарға билет құны мемлекет белгілеген сомадан аспауы тиіс. Осылайша Көлік министрлігі сұраныс аз бағыттарды жаппай ұстап отырғысы келеді.