Банк пен қаржы

АҚШ санкциялары әсерінен Қазақстаннан Ресейге ақша аудару қиындай түсті

Қазақстандық банктердің үш корреспонденті АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді
Қазақстандық банктердің үш корреспонденті АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді / Фото: shutterstock

Қазақстандық екінші деңгейде банк төлемдерін жасай алатын ресейлік банктердің саны азайып келеді. Қараша айында АҚШ санкциялар тізімі жаңарып, оған 50-ден астам ресейлік банк енді. 

21 қарашада жаңарған тізімде қазақстандық банктердің корреспонденттері де бар. Дәлірек айтқанда, Синар Банкі, ББР Банк және БКС банк тізімге енді. Бұл үш банкте Қазақстандағы Еуразия банкінің Ресей рублімен операцияларын жасайтын корреспонденттері болған. Бұған қоса, БКС банк арқылы төлем жасауды қазақстандық Нұрбанк те ұсынатын.

Ресей банктерінің АҚШ санкцияларына енуі қазақстандық банктердің рубльмен жасайтын операцияларында қиындық тудырады. Себебі санкциядағы банктермен жұмыс жасау қайталама санкцияға ену қаупі бар.

Қарашада жаңарған санкциялар тізіміне Ресейдің аса ірі банкі Гразпромбанк пен оның Қазақстандағы филиалы да енген. ТАСС ақпаратына сүйенсек, банктің санкциялар тізіміне енуі әсерінен Қазақстан, Қытай, Өзбекстан сынды ондаған елдің банктері Газпромның UnionPay карталары бойынша қызмет көрсетуді тоқтатқан.

Дегенмен Қазақстаннан рубльмен төлем жасау мүмкіндігі азайғанмен шектелген жоқ. Қазақстандық банктер Halyk-тің бұрынғы еншілес ұйымы Москоммерцбанк , «Назарбаев қорына» тиесілі Азия-Тынық мұхиты банкі немесе австриялық Райффайзен банк арқылы төлемдер жасау мүмкіндіктерін ұсынады.

Санкциялар тізімі әсерінен Қазақстаннан Ресейге ақша жіберетін азаматтар өздері жіберетін шоттың санкциядағы банктер қатарынан емес екенін тексеруі қажет.