Samsung басшысы Оңтүстік Кореяда 5 жылға сотталуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Samsung басшысы Оңтүстік Кореяда 5 жылға сотталуы мүмкін
Samsung басшысы Оңтүстік Кореяда 5 жылға сотталуы мүмкін / Фото:

25 қарашада Оңтүстік Корея прокуратурасы апелляциялық соттан Samsung Electronics басшысы Ли Чжэ Ёнге 500 миллион вон (375 000 АҚШ доллары) айыппұл салып, бес жылға соттауды сұрады. 

Апелляциялық сотта Лидің үстінен 9 жыл бұрын Samsung еншілес компанияларының бірігуіне байланысты акциялар бағасын манипуляциялау және бухгалтерлік алаяқтыққа қатысты іс қаралды. Осыған дейінгі сот сатысында Ли ақталып шыққан.

Reuters ақпаратына сүйенсек, апелляциялық іс бойынша шешім 2025 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында шығарылады.

Прокурорлар Samsung Electronics басшысы Ли Чжэ Ён 2015 жылы Samsung C&T және Cheil Industries компанияларын заңсыз біріктіріп, соның есебінен пайда көрген деген тұжырымға келген.

Адвокаттар бұл оқиғаның заңдылығын айтып, мәміле сараптамалық тексеруден және қатаң нарықтық бақылаудан өткенін атап көрсетті.

2024 жылдың ақпан айында сот Лидің ісін бастапқы сатыда қарап, оны кінәсіз деп таныған.

Іске қатысты шешім Оңтүстік Кореядағы корпоративтік басқару реформалары үшін маңызды оқиғаға айналғалы отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз