Lifestyle

Netflix платформасы Қарлаг тарихы туралы фильм түсіріп жатыр

Netflix платформасы Қарлаг туралы фильм түсіріп жатыр / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан мен Испания бірлесіп түсіріп жатқан «Бітім» / La Tregua атты фильмнің түсірілім жұмыстары басталды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады. Карлагтағы (1930–1950 жж.) қиын тағдырлар туралы баяндайтын бұл туынды Netflix платформасы үшін арнайы дайындалып жатыр.

Фильмнің режиссері – әлемге танымал «Бумажный дом» сериалымен белгілі Мигель Анхель Вивас. Ол жаңа жобаға қатысатын актерлердің шеберлігіне ерекше назар аударған. Басты рөлдерді испандық актерлер Мигель ЭрранБумажный дом» Рио) және Арон Пипер («Элита» драмасындағы Андер) сомдайды. Сонымен қатар қазақстандық актерлер Дина Тасбулатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Аққозов қосылады.

Карлагтың атмосферасын шынайы жеткізуге фильмнің костюмдері, реквизиттері және декорациялары арнайы дайындалды. Тарихи шындыққа жанасу үшін суретшілер мұрағаттар мен музейлерде ұзақ уақыт жұмыс істеген.

Бастапқыда түсірілім Қазақстанда өтуі жоспарланғанымен, кейін жоспар өзгертіліп, Испанияның Бильбао қаласының маңында шағын Карлаг декорациясы жасалған.

Біз қазақ даласының кеңдігін толыққанды көрсету мүмкін емес екенін түсінеміз. Дегенмен декорацияларда Қазақстанның атмосферасын жеткізуге үлкен жұмыс атқардық. Бұл – біз үшін үлкен сынақ болды, бірақ барынша шынайы көрініс жасауға тырыстық, – дейді фильмді түсіріп жатқан Plano a Plano компаниясының директоры Цезарь Бенитес.

«Бітім» – Netflix үшін қазақстандық актерлер, продюсерлер және мамандардың қатысуымен түсіріліп жатқан алғашқы жоба.

Бұл жоба халықаралық ынтымақтастықтың дамуына үлкен үлес қосады. Біз бұл фильмді жаһандық деңгейдегі стандарттарға сай етіп дайындадық. Әлем күрделі мәселелермен бетпе-бет келіп отырған заманда осындай туындылар өнердің адамдарды біріктіретін күшін көрсетеді, – дейді фильмнің бас продюсері Аманат Қонақбаев.

Түсірілім жұмыстары екі жарым айға созылады. Дайын фильмді А санатындағы ең беделді халықаралық кинофестивальдерде көрсету жоспарланып отыр.