Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің кандидатурасын елдің премьер-Министрі Абдулла Арипов ұсынды. Ол бұл шешімнің маңыздылығын атап өтіп, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажеттігін жеткізді.
Төрағаны сайлау 41-ші Ұлттық олимпиада комитетінің Бас ассамблеясында өтті. Сондай-ақ жиында комитеттің жаңа басшылық құрамы бекітілді. Төрағаның бірінші орынбасары болып Отабек Умаров тағайындалса, Бас хатшы лауазымын Ойбек Қасымов сақтап қалды. Ал төраға орынбасары ретінде Шерзод Ташматов сайланды.
Кандидатураны ұсынған Абдулла Арипов делегаттардың бірауыздан қолдауына ие болды. Өз сөзінде Ойбек Қасымов Олимпиада комитетінің басшылығы әрбір олимпиадалық циклде жаңартылып отыратынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасы Парижде өткен олимпиада ойындарында 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып 13 орынға тұрақтады. Бұл Өзбекстан тарихында рекордттық көрсеткіш болды, сонымен қатар түркі елдері арасында ең үздік нәтиже көрсетті.