Түркістанда ветеринария қызметі басшысы сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Өмірәліұлы пара алғаны үшін 3,5 жылға сотталды
Түркістанда ветеринария қызметі басшысы сотталды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркістан қаласының соты облыстық ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Бегманов Б.-ға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Антикор мәліметінше, Бегманов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, аудандық ветеринария қызметінің 115 қызметкерінен жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын сыйақыларды жинағаны үшін айыпты деп танылды.

Сот үкімі бойынша, Бегманов Б.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Дегенмен, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркімнің кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептелетінін еске саламыз, делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз