Алматыдағы Райымбек даңғылындағы барлық ғимарат толықтай жаңартылады. Ол 2025 жылы басталатын BRT жобасы шеңберінде жүзеге асады. Бұл жайлы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Райымбек бойынша BRT жобасы даңғылды қасбеттен-қасбетке дейін жаңартуды көздейді», – деді Досаев.
Оның айтуынша, жұмыстар келесі жылы басталады және жолдардың белгі бір бөлігі жабылады. Жөндеу жұмыстары тоқсан сайын жүргізіледі. BRT құрылысы аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен қатар, барлық көше абаттандырылады.
«Жоба аясында қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ құрылып, қиылыстардың жанына жаңа аялдамалар орнатылады. Ұзын көлемді автобустар мен бөлектеу арқылы қаланың шығыс және батыс бөліктерінің көлік байланысы артады. Жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылы мен Ахременко көшесіне дейін және одан әрі «Барлық» базарына дейін», – делінген хабарламада.
BRT жобасы — Алматы Бас жоспарының 2040 жылға дейінгі бөлігі, көлік инфрақұрылымын және қала тұрғындары үшін қоғамдық көліктің тиімді болуын жақсартуға арналған.
Айта кетейік, Райымбек даңғылындағы БРТ-ның жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайды, учаске бойында «Алтын Орда» көлік- торабы болады. Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған дерекке сүйенсек, Райымбек даңғылы бойында БРТ салу үшін жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге 150 миллион теңге жұмсалған.