Ресейлік «Росатом» корпорациясы Қазақстанмен бірлесіп жаңа ауқымды жобалар жасауға дайын. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің«Казахстанская правда» басылымында жарияланған мақаласында жазылған.
Путиннің жазуынша, Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ресейдің Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының қазіргі көлемі шамамен 13 млрд долларды құрайды.
«Екі елдің компаниялары өнеркәсіптік кооперация және жоғары технологиялар саласындағы бірқатар ірі бірлескен жобаларды жүзеге асырады Экономикаларды кешенді жаңғыртуға және Ресей мен Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал ететін толық индустриялық циклдің жаңа өндірістерін жолға қояды. Қазақстанда ядролық-отын циклі саласындағы жобаларды іске асыруға және уран саласын дамытуға «Росатом» практикалық жәрдем көрсетеді. Ресей Мемлекеттік корпорациясы қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларға дайын», – деп жазды Путин.
Ол баламалы және «жасыл» энергетика, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы перспективалар ашылатынын айтты.
Ресей президенті екіжақты тауар айналым 2023 жылы жаңа рекорд қойылғанын жазған. 28 млрд долларға жеткен. 2024 жылы 9 айда 20 млрд доллардан асқан.
Ол Каспий құбыр консорциумы қызметінің арқасында Ресей аумағы және Ресейдің порт инфрақұрылымы арқылы Қара теңізде қазақстандық мұнай экспортының 80 пайыздан астамы шетелдік нарықтарға жүзеге асырылатынын атап өтті.
Осыған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Росатом» корпорациясының Қазақстан АЭС құрылысына ат салысуға дайын екенін айтқан еді.
27 қарашада Путин Тоқаевпен бірге Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумына қытсу үшін Астанаға келеді. 28 қараша Тоқаев төрағалығамен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.