Жаңалықтар

Алматы облысының Қарасай ауданында автобус қағып кеткен жеті жасар бала қаза тапты

парковки
Қарасай ауданындағы автотұрақта бала қаза тапты / фото: архив Kursiv.media

27 қарашда Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылында қайғылы оқиға болды. «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің автотұрағында баланы автобус қағып кетті. Осының салдарынан жеті жасар бала қаза тапты.

«JAC автобусының жүргізушісі Іргелі ауылы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің автотұрақ аумағында артқа жүрген кезде жеті жасар баланы қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, соның  нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.

Алматы облысының білім басқармасы да оқиғаның мән-жайы туралы хабар таратты.

«Оқиға орнында жұмыс тобы мен Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы бар. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған іс Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылды. Сонымен қатар баланың ата-анасы мен достарына осы қиын кезеңде психологиялық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.