Lifestyle

Британдық сарапшылар жолда қалдырмайтын, жиі бұзылмайтын кроссоверлерді атады

Ең мықты кроссоверлер тізімі жасалды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Ең мықты кроссоверлер тізімі жасалды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Британдық сарапшылар жеті орындық кроссоверлердің иелері арасында сауалнама жүргізіп, соңғы екі жылда қандай техникалық ақаулар болғанын анықтады. Осы талдаудың негізінде арнайы рейтинг жасалды, деп хабарлады Whatcar.com.

Зерттеу нәтижелері бойынша ұсынылған көліктердің тең жартысы Қазақстан нарығында ұсынылған. Олардың көпшілігін қайталама нарықтан сатып алуға болады. 

Рейтингте 2018–2024 жылдары шығарылған Hyundai Santa Fe бірінші тұр

Бірінші орынды Hyundai Santa Fe иеленді. Респонденттердің тек 4%-ы корей брендіре қатысты проблемаларға шағымданған. Көбінесе көліктер электр жүйелерінің ақауларына байланысты жөндеу қызметіне жүгінген. 

«Дегенмен, барлық көліктер эвакуатордың көмегінсіз өз бетінше қызмет көрсету орталықтарына жеткен. Оның үстіне олардың көпшілігі сол күні жөнделіп, иелеріне қайтарылған. Қалғандары бір аптадан аз уақыт жөндеуде болған», – деп хабарлады Whatcar.com британдық басылымы. 

Қазақстанда жаңа Hyundai Santa Fe кроссоверін жиі кездестіруге болады. Көлік іздеу-сату жүйелерінде де аталған модель жиі кездеседі. Айталық, дизельді қозғалтқышы бар, толық жетекті және 100 мың шақырымнан аз жүрген 2018 жылғы автокөліктің бағасы шамамен 12 млн теңгеден басталады. Бензинмен жүретін кроссовер одан да арзан.

Екінші орында қандай көлік тұр?

Одан кейінгі орында Land Rover брендінің Defender моделі тұр. Соңғы екі жылда жүргізушілердің 14%-ы ғана осы көлік үлгіде қандай да бір ақаулар байқағанын жеткізген. Көбінесе авто иелері ақаулар электр жүйелеріне шағымданады. Олар сондай-ақ шанақтың сырлауына, ішкі әрлеуге және рульдік басқаруға қатысты ақауларға байланысты техникалық қызмет көрсету станциясына хабарласқан. Оның үстіне, көп жағдайда (85%) түрлі мәселелерге қарамастан кроссоверлер тізгіндеуге жарамды болған.

Дегенмен, Defender иелерінің көпшілігі (63%) жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды. Көліктер бір апта ішінде ғана оларға қайтарылған.

Қазақстан нарығынан тізгінделген Land Rover Defenders модельдерін табу аса қиын емес. Алайда оның бағасы Santa Fe-мен салыстырғанда анағұрлым қымбат. Мысалы, 2021 моделінің құны 40 млн теңгеден басталады. Ал жаңасы одан да қымбат. Сондықтан бұл кроссовер сенімді болғамымен аса қолжетімді көліктер санатына жатады деп айту қиын. Сондықтан болар қазақстандықтар арасында Toyota Camry сияқты аса сұранысқа ие емес.

2017–2024 жылдары өндірілген Peugeot 5008 

Рейтингтегі алғашқы үштікті Peugeot 5008 кроссовері толықтырды. Респонденттердің тек 16%-ы аталған модельге шағымданған. Олардың барлығы тежегіш жүйесі мен электр жүйесімен байланысты болды. Дегенмен, бұл ақаулар кроссоверлердің қызмет көрсету станциясына  дейін өздігінен жетуіне кедергі болмады.Бұл ретте сарапшылар автоларды талдағанда осы жайтқа да мән берген. Ал эвокуатор шақыруға тура келсе авто рейтингі бірден төмендеген. 

Peugeot 5008 көпшілігінде (75%) жөндеу жұмыстары бір күннен аспаған. Қалған көліктер бір апта ішінде иелеріне қайтарылған. 

Қазақстанда Peugeot 5008-ді сатып алғыңыз келсе автокөлік іздеу желілерінде ұсыныстар мүлде жоқ. Егер «сұр» диллерлер әкеліп жатса бағасы 10 млн теңгеге жетпейді.

Рейтингке тағы қандай модельдер кірді

Британдық сарапшылар ең сенімді жеті орындық кроссоверлердің қатарына тағы бірнеше брендті қосқан. Мәселен, дизель және бензин қозғалтқышқа негізделген Skoda Kodiaq (2016–2024) – орта өлшемді кроссовер. Ол еуропалық J-сегментіне жатады. 2016 жылы чех автоконцерні шығарған. 

Бұл Skoda Auto модельдер ауқымындағы ең үлкен кроссовер және бес және жеті орындық конфигурацияларда ұсынылған. Өндірістік нұсқасы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Берлинде таныстырылды. Автокөлік Volkswagen Group MQB-A2 модульдік платформасына негізделген, оны Volkswagen Tiguan, Volkswagen Tayron, Volkswagen Teramont, Audi Q3, SEAT Tarraco сияқты модельдермен бөліседі, оларда көптеген ұқсас бөлшектер мен жинақтары бар.

Сонымен қатар 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі Volvo XC90 автолары да «мықты» көліктер тізімінде. Сарапшылар кроссоверді жол талғамайтын көлікке теңейді. Шведтік Volvo Cars компаниясы шығарған темір тұлпар алғаш рет 2002 жылы Детройт автосалонында таныстырылды.

Бұған қоса тізімде Mercedes GLB (2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін), Kia Sorento (2020 – қазіргі уақытқа дейін) және Land Rover Discovery (2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін) бар. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Курсив Қазақстан нарығында ұсынылған ең сенімді Қытай көліктерінің үштігін атаған еді. Олардың қатарына BYD, Tesla және Nissan брендтері кірді.

Бұған қоса Жапонияда жыл сайынғы «Жапонияның жыл көлігі» байқауы өтіп жатыр. Үздіктер байқауына 31 автокөлік диллері өтінім берген.